Алматыда балаларды «жазғы лагерь» деп саунаға алып барған
Алматыда балаларды «жазғы лагерь» деп саунаға алып барған
. Ата-аналарға лагерь деп айтылған жер сауна болып шыққан. Бейнежазбада ата-ана баласының демалысын қалай өткізіп жатқанын көріп, алаңдаған. Видеоны келуші саны мөлшерден көп, төсек-орын жетіспейді деп жариялаған. «Баламды лагерьге жібердім» деп ойлаған ата-ана қазір бұл ісіне өкінеді. Ол полицияға арыз беріп те үлгерген.
Ұзынағаштағы SPA орталығына көпшілік әдетте саунасы мен хауызына келіп көңіл көтеретін көрінеді. Ал ата-аналардың айтуынша, 300 балаға жазғы лагерь ретінде ашып, балалардың басын қатерге тіккен. Балалар санитарлық норма сақталмаған еденде ұйықтаған.
Видеодағы кадрлардан «бұл жерде балалар болған жоқ» дегенді жеткізгісі келгендердің төсектерді сарайға тасып, жасырмақ болғанын байқауға болады. Ғимарат ішіндегі кейбір төсек-орындарды да сыртқа шығарып үлгермепті. Тек қалалық Білім басқармасының өкілдерімен бірге келгенінде ата-аналардың алдына шығып сұхбат берген.
Қазір бұл жайтқа байланысты шұғыл комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр. Ата-аналар шағым айтқан орталыққа арнайы ат басын бұрған Білім басқармасы бастығының орынбасары жағдайды жіті бақылауға алатынын жеткізді.
Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының прокуратурасы соталды тексерісті бастады. Сонымен қатар қала сыртындағы барлық жазғы лагерь тексеріледі. Ал саунаға алып келген балаларды жақын арада басқа лагерьге жібереді. https://turkystan.kz/article/228111-almatyda-balalardy-zhazgy-lager-dep-saunaga-alyp-bargan/