Жаңалықтар

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін сотталды

Алматы облысының Кеген аудандық соты экс-генерал Серік Күдебаевты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, жарты жылға бас бостандығынан  айырды, хабарлады turkystan.kz.

Сот шешімі негізінде С.Күдебаевқа жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. https://turkystan.kz/article/228109-serik-kudebaev-elden-kashkany-ushin-sottaldy/