Алматылық кәсіпкер: «мені жындыханаға жауып, бизнесімді тартып алды»
Алматылық кәсіпкер: «мені жындыханаға жауып, бизнесімді тартып алды»
Ж. Айдарбекова журналистерге өз оқиғасын айту үшін Алматыдан Астанаға келді.
Айдарбекова білімі бойынша дәрігер. 15 жыл бірге тұрған жұбайынан ортақ некеде үш баласы бар. 2007 жылы ол Алматыда «SP Clinic» стоматологиялық клиникасын ашты. Онда бұрынғы күйеуі Р. Гаджиев қарапайым тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Алайда, ерлі-зайыпты отбасылық мәселелер мен сатқындық әрекеттерден кейін біраз жылдар соттасып келеді.
Оның айтуынша, экс-жұбайы Руслан Гаджиев өзіне ескертпестен басқа дәрігерлерге де қоңырау шалып, диагноз қорытындыларын жасатып алған. Әрі қарай ол Мәскеуге барып, кеңес алуға көндірді.
Ерлі-зайыпты бейбіт келісім жасасқан. Айдарбекованың айтуынша, Руслан Гаджиев құжатта үйден бас тартып, өзіне тек Алматыдағы бизнесті қалдыруды өтінген.
Алматылық кәсіпкер 4 жылда бірнеше рет прокуратура және Алматы ІІД басшылығының, оның ішінде Алматы қаласы прокуратурасындағы тергеу басқармасының басшысы Асхат Шәріповтің, ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қайрат Нұрмағамбетовтың қабылдауында болды. Сондай-ақ Президенттің, Бас прокурордың, Ішкі істер министрінің атына 100-ден астам арыз-шағым жазған. Алайда, нәтиже мүлде жоқ.
Оның айтуынша, істі тапсыру туралы қаулыға 19 мамыр күні Алматы прокурорының орынбасары Н. Ибраймолдаев қол қойған.
Ол Президенттен бұл істі бақылауға алып, өз құқығын қалпына келтіруге көмектесуін сұрайды. https://turkystan.kz/article/228106-almatylyk-kesipker-meni-zhyndyhanaga-zhauyp-biznesimdi-tartyp-aldy/