Жаңалықтар

«Елорданың діни нысандары» таныстырылды

«Елорданың діни нысандары» таныстырылды

Жақында Астанада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы, қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жа­зыл­ған «Елорданың діни нысандары» атты энцик­ло­педиясы таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – қо­ғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құн­ды­лықтарды қалыптастыру. Таныстырылымға елордалық діни бірлестіктердің басшылары, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысты. Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Кана­лимов энциклопедияның таптырмас нұсқаулық екенін атап өтті.

Энциклопедия шығару ісіне басшылық еткен қала әкімінің орынбасары Есет Байкен Астана қаласындағы діни бірлестіктердің тарихы мен культтік тәжірибесі тура­лы баяндалған ең алғашқы бірегей еңбектің елордамыздың ширек ғасырлық мерейтойына ерекше тарту екенін атап өтті.

Жаңа жинақ 16 тарауға бөлінген. Әр бөлімінде елор­дамыздағы конфессиялар туралы жан-жақты ақпарат берілген. Сондай-ақ діни бірлестіктердің шығу тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмысы туралы жазылған. Соны­мен қатар түрлі діни орындардың сәулетті ғимараттарының фотолары енген. https://turkystan.kz/article/228306-elordanyn-dini-nysandary-tanystyryldy/