
Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған
Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 20-сында сағат 9:50 Әуелбеков көшесі, 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.
«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде», – деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.https://turkystan.kz/article/228291-kokshetauda-boyzhetken-mektep-aulasynda-asylyp-kalgan/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024