Бүгін бірқатар өңірде 40 градусқа дейін ыстық болады
Бүгін бірқатар өңірде 40 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет ел аймақтарында 22 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа рыйы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. https://turkystan.kz/article/228378-bugin-birkatar-onirde-40-graduska-deyin-ystyk-bolady/