
Әскери бөлімдер тексерілді
Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Болат Төлепбаев өзінің комиссия құрамымен Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерін тексерді. Тексеріс барысында барлық белгіленген санитарлық нормалар сақтала отырып, әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары мен құжаттары, сарбаздардың психологиялық-моральдық жағдайлары мен тұрмыстық жағдайлары, әскерлер қызметі және сарбаздар асханасы тексерілді. Сондай-ақ, мемлекеттік-құқықтық дайындық пен тәрбие жұмысы бойынша әскери қызметшілердің білім сапасы тексерілді.
Сонымен қатар командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен және психологтармен сұхбаттар өтті. Онда – жоғарғы басшылықтың талаптары жеткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы тәрбие жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың, әскери бөлімдер мен бөлімшелердегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудың негізгі бағыттары және кадр мәселесі қарастырылды.
Тексеріс соңында Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Болат Төлепбаев бөлімше командирлері мен материалдық жауапты лауазымды тұлғалармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы тәрбие жұмыстарын жүргізді.
«Құрлық әскерлерінің комиссия құрамы гарнизондағы әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары мен сарбаздардың жағдайларын тексерді. Біздің тәрбиеші офицерлер өздерінің жұмыстарын көрсете білді. Олар өз міндеттері мен іс-әрекеттерін жақсы біледі және сұхбат жұмыстары мен тәрбие жұмыстарын сапалы жүргізуде. Жалпы қорытындылай келгенде тексеріс нәтижесі жақсы деп ойлаймын», - деді 40-шы «Отар» Әскери базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ерболат Шеримбетов.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024