UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық қарсыласын нокаутпен жеңді
UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық қарсыласын нокаутпен жеңді
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (15-1) Алматыда өтіп жатқан «Октагон 47» турнирінің кешіндегі басты кездесуде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы сегізбұрышта бразилиялық спортшы Матеус Глориямен (12-4-1) кездесті. Екінші раундтың басында-ақ Бекзат бразилиялық боксшыны басынан теуіп (хайкик) нокаутқа түсіріп, мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC-ге түсуге үміткер Алмахан аргентиналық Мауро Мастромариниден басым түскен UAE Warriors промоутерлік жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын. https://turkystan.kz/article/228407-ufc-umitkeri-bekzat-almahan-braziliyalyk-karsylasyn-nokautpen-zhendi/