Елордада сәулет өнерінің ерекше туындысы пайда болды
Елордада сәулет өнерінің ерекше туындысы пайда болды
Арт-мүсін туралы көбірек ақпарат алғысы келетін жандар телефон камерасын тұғырындағы QR-ға бағыттаса, мәсінің тарихы, мән-мағынасы жазылған сайтқа кіресіз. Ал егер ең соңғы абзацтарға мән беретін болсақ, онда мәсінің оң аяғын үш рет сипаса, адамның жолы болады-мыс. Мүсінші Мансұр Смағамбетовтың айтуынша, бұл ырымның өз сыры бар. Өткен ғасырда ағылшын ғалымдары Жетісу өңірінен әйел адамға тиесілі мәсі тауып алған. Бүгінде сәнді етік Ұлыбританияның ұлттық музейінде сол қалпында сақталып тұр. Тұманды Альбионға жеткен құнды жәдігер жалпақ жұртқа қазақ мәдениетінен сыр шертеді. Мәсінің таңқаларлық тарихына үңілген авторлар жолы жұғысты болсын деген ниетпен осындай ырым шығарады. Тұрғындар мен қала қонақтарына қызық болар жобаны құрылыс компаниясы мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдады.
https://turkystan.kz/article/228472-elordada-seulet-onerinin-erekshe-tuyndysy-payda-boldy/