Жаңалықтар

Атырауда мейрамхана күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО)

Атырауда мейрамхана күзетшілері қызды жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО)

11 шілде күні Атыраудағы «SOLVE» мейрамхана барының бірнеше қызметкері жас қызды соққыға жыққан. Оқиғаның бейнежазбасын Айназ есімді жәбірленуші өз Instagram парақшасына жариялап, мән-жайын айтып берді.

Оның айтуынша, күзетшілер оған қырындап, таныспақ болған. Қыз ұсынысын қабыл алмағандықтан, олар қызға өштесіп, мазақтап, мазасын алған.

Алайда, олар әкімшіні шақырмаған. Қыз кіреберіс арқылы кірмек болған кезде бір топ ер адам оған шабуылдап, күш қолданған.

Айтуынша, полиция қызметкерлері келгенше қаскөйлер қашып кеткен және әкімші бейнебақылау камераларынының жазбасын көрсетуден бас тартқан. Тек екі күннен кейін көру мүмкін болды. Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.

https://turkystan.kz/article/228563-atyrauda-meyramhana-kuzetshileri-kyzdy-zhabylyp-sokkyga-zhykkan-video/