Жаңалықтар

Кішкентай қызды тепкен түрік азаматын қандай жаза күтіп тұр?

Кішкентай қызды тепкен түрік азаматын қандай жаза күтіп тұр?

Алматы облысында сауда орталығында кішкентай қыз баланы теуіп жіберген Түркия азаматы Қазақстаннан шығарылады. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлады

 turkystan.kz.

Балалар омбудсмені ер адам бұзақылық бабы бойынша жазаға тартылатынын атап өтті. Сонымен қатар қазір заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін айтты. Нәтижесінде тұлға жауапқа «кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет» деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ «Бұзақылық» бабы бойынша жазаға тартылады.

Айта кетейік, оқиға 24 шілде күні сауда орталықтарының бірінде болған. https://turkystan.kz/article/228631-kishkentay-kyzdy-tepken-turik-azamatyn-kanday-zhaza-kutip-tur/