
Биыл оқу жылы қашан аяқталады? – Министр мәлімдеме жасады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты сарапшылар шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты.
«Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады», – деді министр.Десе де министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты.
«Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, енді бұл ұсынысты бүкіл ел бойынша ата-аналар мен мұғалімдермен бірге талқылау қажет. Қазір біздің мамандар облыстарды аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр», – деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.https://turkystan.kz/article/228644-biyl-oku-zhyly-kashan-ayaktalady-ministr-melimdeme-zhasady/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024