Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарды бекітті
Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді жоспарды бекітті
Жоспарды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады. Көлік және қоймалау саласында 2,4% (2022 жылы – 3,2%) көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған. Жоспарды іске асыру бейресми жұмыспен қамтуды азайтуды және заңсыз әрекеттердің жолын кесуді көздейді. Елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 2022 жылғы 36%-дан 2025 жылы 37,5%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Кешенді жоспар ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.