Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды (ВИДЕО)
Ақтөбеде анасы мен баласы өз үйінде өлі табылды (ВИДЕО)
Ақтөбедегі 8-ші шағын ауданда орналасқан көппәтерлі үйде тұрғындар жағымсыз иісті сезіп, полицияға жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті алып шықты. Қазір олардың неден өлгенін анықтап жатыр. Сараптама жүргізілуде.
Анықталғандай, қайтыс болған пәтер иесі мұғалім. Жалғыз тұрған және ауырып жүрген. Ал баласы жағдай сұрап, келіп тұрыпты.
Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр. https://turkystan.kz/article/228886-aktobede-anasy-men-balasy-oz-uyinde-oli-tabyldy-video/