Қандастар «Азия дауысы» халықаралық фестиваліне қатысуды үлкен мәртебе санайды
Қандастар «Азия дауысы» халықаралық фестиваліне қатысуды үлкен мәртебе санайды
Бүгін Алматыдағы Медеу мұз айдынында аты аңызға айналған «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің шымылдығы түріледі. Араға жиырма жыл салып қайта өткелі тұрған бұл фестиваль биыл ерекше форматта өтпек. Фестивальдің екінші күнінде әйгілі Black Eyed Peas тобы өнер көрсетсе, ал үшінші күні Роза Рымбаева, «Ялла» тобы, Юлдуз Усманова, Secret Service және тағы басқа өнерпаздар ән шырқайды. Ал бірінші күні қазақстандық эстрада жұлдыздары мен «Жас қанат – 2023» байқауының жүлдегерлері сахнаға шығады. Бұл күні шетелде тұратын өнерпаз қандастар да Медеу төрінде өнер көрсетпек. Қандастар биылдан бастап «Отандастар қорының» бастамасымен кезінде Eurovision байқауынан асып түспесе, кем түспейтін деңгейде өткізілген «Азия фестиваліне» қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осы ретте қор өкілдері мен олар ұйымдастырған кастингте топ жарып шыққан үш қандастың пікірін білген едік.
Дидар БОЛАТ,«Отандастар қорының» жобалар жөніндегі координаторы:Қандас балалар арасында «Жас қанат – әлем» байқауын ұйымдастыруға келістік
Гаухартас КОСМОНОВҚЫЗЫ,дәстүрлі әнші (Моңғолия):«Азия дауысы» фестиваліне қатысасыз» деп хабарласқан кезде, төбем көкке бір елі жетпей қалды
Еркінбек МАМЫРХАН,«Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі (Моңғолия):Біз бой түзеп жүрген әншілермен бірге бір сахнада өнер көрсететінімізге әлі сенбей жүрміз
Мұса МАРАТ,жас әнші (Өзбекстан):Отыз жыл бұрын «Азия дауысы» фестиваліне ұстазым қатысқан




https://turkystan.kz/article/228859-kandastar-aziya-dauysy-halykaralyk-festivaline-katysudy-ulken-mertebe-sanaydy/