Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

🔰Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады

🔰Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады
ашық дереккөз
🔰Құрылыс сапасы қатаң бақылауда болады
🔹Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Әуелі қала әкімі өз мәселесі бойынша шағымданып келген "Қарасай" алқабының тұрғынымен жүздесті. 📌Тұрғынның негізгі мәселесі электр энергиясы мен табиғи газ. Барлық мәселеге әбден қаныққан шаһар басшысы жауаптыларға айтылған проблемаларды тез арада шешіп, абоненттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 🔹Бұдан кейін қала әкімі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №9 бөбекжай-балабақшаға барды. Бақытжан Әмірбекұлы мұндағы жұмыс барысы көңіл көншітпейтінін қадап айтты. - Құрылыс барысында адам санының жетіспеушілігі, кей жұмыстардың талапқа сай еместігі көзге анық көрініп тұр. Мұндай кемшіліктер біріншіден құрылыстың сапасына, екіншіден аяқталу мерзіміне кесірін тигізеді, - деген шаһар басшысы құрылыс сапасы өзінің тікелей қатаң бақылауында екенін жеткізді. 🔹Осы орайда айта кетерлігі, балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын "Әль Мансур" ЖШС жүргізсе, техникалық қадағалаушы - "Акгем Строй" ЖШС. 📍Келесі кезекте қала әкімі Желтоқсан көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарын көзбен көрді. 🛣️Бүгінгі күні Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселді. 🔹Ұзындығы 416 метрді құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС. Қазіргі таңда мұнда 7 техника, 20-ға жуық жұмысшы еңбек етуде.

Ұқсас жаңалықтар