
СҚО-дағы шошқа фермасында 4 жұмысшы қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Новоивановка елді мекеніндегі «EMS AGRO» шошқа фермасында төрт жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталысымен мал бордақылау алаңынан шықпаған.
Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.
Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғандығы анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.
https://turkystan.kz/article/229197-sko-dagy-shoshka-fermasynda-4-zhumysshy-kaza-tapty/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024