Жаңалықтар

Баласын өлтіріп, көміп тастаған азамат сотта соңғы сөзін айтты

Баласын өлтіріп, көміп тастаған азамат сотта соңғы сөзін айтты

Өзінің 4 жасар баласы Данил Ахуновты өлтірді деп айыпталып жатқан Артур Ахунов сотта соңғы сөзін айтты. Ол сот сараптамаларымен келіспейтінін, өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Артур Ахунов соңғы сөзін айтты. Ол өзін кінәлі деп санамайды. Тіпті, балаларды жақсы көргенін алға тартып, көзіне жас алды.

Артур Ахунов аз уақыт анасымен бірге тұрған. Балалары төбелескен соң анасымен сөзге келіп, пәтер жалдайды.Еске салсақ, былтыр 4 жасар Данил Ахуновтың жолғалып кеткені туралы полицияға хабар түсіп, іздеу жұмыстарына еріктілер де араласты. Кейін полиция баланың әкесін қамап, денесін қайда көмгенін анықтады. Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы Артур Ахунов бәрі де жазатайым оқиға екенін, балалары төбелескенде Данилдың құлап, басын жаралағанын алға тартты. Прокурор жарыссөзде өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, 1 тамыз күні  сот үкімі шықты.

https://turkystan.kz/article/229216-balasyn-oltirip-komip-tastagan-azamat-sotta-songy-sozin-aytty/