Жаңалықтар

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында ұйымдастырылған Астанада есірткі жарнамасы бар граффити жазбаларын анықтау және жою жөніндегі акция барысында хабарлады.Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

Жастармен бірге атаулы акцияға салауатты өмір салтын насихаттаушы, Street Workout Kazakhstan негізін қалаушылардың бірі Айтым Жакупов пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Василий Тахтай қатысты. Айтым Жакуповтың айтуынша, қазіргі таңда нашақорлық мәселесі, әсіресе, жастар арасында өршіп тұр.

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылдыВасилий Тахтай

 есірткі-граффитилерін жою және бояу жұмыстары есірткіні тарату қылмыстарына қарсы тұруда маңызды рөл атқарады дейді:

Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды

Акция еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде өтуде. Нашақорлықпен күресу және оны алдын алу жұмыстары тек бұл акциямен ғана шектіліп қана қоймай, сондай-ақ іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысында «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы темекі мен вейптердің жаппай таралуы», «Жастар арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы» тақырыптары көтерілген болатын. Жарты жылда 4 мыңнан астам есірткі-граффитилері жойылды   https://turkystan.kz/article/229219-zharty-zhylda-40nan-astam-esirtki-graffitileri-zhoyyldy/