Алматыда қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
Алматыда қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
«Ақкент» тұрғын үй кешенін салған «Ayt housing Complex» ЖШС қаза тапқан әйелдің отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді.
«Ayt housing Complex» құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев компания өрт шыққан үйді қалпына келтіретінін атап өтті.
Белгілі болғандай, отқа оранған үйді аталған компания салған. Көппәтерлі тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға берілді.
Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифтілерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді. https://turkystan.kz/article/229230-almatyda-kaza-tapkan-eyeldin-otbasyna-eki-bolmeli-peter-beriledi/