Жаңалықтар

Ақкенттегі өрттен 80 адам құтқарылды

Ақкенттегі өрттен 80 адам құтқарылды

Алматының Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен

 80 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлады  turkystan.kz.

Адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін 3 өрт сатысы, бесіктері бар 2 автокран, «аралас тәсілмен» қол өрт сатысы (үш тізе сатысы, шабуыл сатысы) орналастырылды. 18:46-да өрт жойылды. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 50 қызметкері, 14 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар Полиция департаментінен 40 қызметкер, 11 бірлік техника, құтқару қызметінен 12 қызметкер, 6 бірлік техника, жедел медициналық көмектен 69 қызметкер, 23 бірлік техника жұмылдырылды.   https://turkystan.kz/article/229157-akkenttegi-ortten-80-adam-kutkaryldy/