Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты
Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты
Іс жүзінде өтетін атыс сабағы Құрлық әскерлеріне қарасты Қарасай батыр атындағы оқу-жаттығу орталығының полигонында жүргізілді. Атыс қаруынан бастапқы жаттығуы әскерге жаңа келгендердің бағдарлама жоспарына сәйкес қауіпсіздік шаралары сақталып, ұйымдастырылды. Жас сарбаздар атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын жан-жақты үйреніп, бастапқы жаттығу мен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жатқа меңгерді. Сонымен қатар, атыс даярлығы барысында оқу-жаттығу орындарында атыс қаруынан атуға дайындалу, атыс қаруын дұрыс көздеу және тағы басқа нормативтерді орындады. - Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Жаттығуды өте жақсы деген бағаға орындадым. Бұл жетістігім офицерлер мен сержанттардың үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын, - деді 82796 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Алексей Григорий. Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі