
АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде ішкі саясат, жастар, дін салаларына жетешілік ету облыс әкімі аппаратының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлына жүктелген болатын.
Бүгін ауданымызға іссапармен келген Мәтен Мәди Мейірбекұлы аталған салалардың жұмыстарымен танысып, сапар соңында аудан активімен жүздесті.
Кездесуде сөз сөйлеген Мәди Мейірбекұлы еліміз үшін саяси ахуалдың, ішкі тұрақтылықтың маңыздылығына, осы орайда жергілікті атқарушы органдарға артылар міндеттің ауқымдылығына тоқталды.
Әрбір тұрғынның көтерген мәселесіне ерекше көңіл бөліп, әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде өз саласы бойынша белсенді болуы керектігін, қазір адамдар үшін негізгі ақпарат көзіне айналған әлеуметтік желіде халықпен тікелей байланыс орнату қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша жұмысты одан әрі жандандыру керектігін тапсырды.
Сарысу ауданы әкімдігі
Келесі мақала
АУДАНДА ЕКІНШІ МӘРТЕ КАРАОКЕ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024