
Биыл Байзақ ауданындағы 7 ауыл таза ауыз суға қол жеткізеді
Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 24-і ауыз сумен қамтылған. Бұл ауылдардың 55,8 пайызын құрайды. Ал халық санымен есептегенде 57 470 тұрғын немесе 52,8 пайыз. Аудан аумағындағы 21 ауылға «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 3 ауылға – Ақшолақ, Үшбұлақ, Талас станцияларына «Теміржол су» ЖШС-і қызмет көрсетеді.
Былтыр 5 елді мекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қол жеткізді. Оның ішінде Талас ауылындағы ауыз су құбыры желісіне 638,4 млн теңге бөлінсе, Қостөбе елді мекеніндегі жұмыстарға 549,6 млн теңге, Сеңкібай ауылына 341,6 млн теңге, Жаңатұрмыс ауылындағы игі іске 420,1 млн теңге бөлінген. Бурыл елді мекенін ауыз сумен қамтуға 850,6 млн теңге қаралыпты.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, ағымдағы жылы орталықтандырылған ауыз сумен қосымша 7 елді мекенді қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтылай айтатын болсақ, Сарыкемер ауылындағы шаруаға 3 402,1 млн теңге қаралса, Көкбастау елді мекенін ауыз сумен жабдықтауға 435,6 млн теңге, Базарбай ауылына 429,5 млн теңге, Үлгіліге 606,5 млн теңге, Қызыл жұлдыз ауылына ауыз су құбырын тартуға 483,7 млн теңге бөлінген. Көктал ауылында 717,2 млн теңге игеріліп жатса, Байзақ ауылындағы жұмыстарға 931,9 млн теңге қаралған.
«Келесі жылы 8 елді мекенге, яғни Сарыбарақ, Аққия, Ботамойнақ, Қусақ, Жібек жолы, Тегістік, Жеңіс, Ақтөбе ауылдарына ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары жоспарлануда. Ауыз сумен қамтылған Түймекент, Дихан, Аймантөбе, Құмжота ауылдарындағы су жүйесіне қосылмаған елді мекен көшелеріне су құбырын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жыл соңына дейін оларды пайдалануға беретін боламыз», - деп атап өтті Бақыт Алпысбайұлы.

Келесі мақала
Байзақта келесі жылы 9 ауылға ауыз су құбыры тартылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024