
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері өсті
Ұлттық статистика бюросы бір жылда Қазақстанда жалақы қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
https://turkystan.kz/article/229770-kazakstanda-ortasha-zhalaky-molsheri-osti/
2023 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 17,1%-ға өсіп, 365 502 теңгені құрады, – делінген мәліметте.Экономика салаларында биылғы ІІ тоқсанда бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда орташа жалақы ең көп ақпарат және байланыс саласында өскен – 36%. Көлік және қойма саласында – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 23,7%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында 21,8% көтерілді. Білім беруде орташа айлық жалақы 10,2% артса, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 15,6% құрады. Алайда нақты мәнде жалақы көлемі былтырғы екінші тоқсанмен салыстырғанда құрылыста – 3,5%, тұру және тамақтану қызметтерін көрсетуде – 2,6%, білім беруде – 4,8%, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде 0,1% төмендеді. Өңірлік бөліністе орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 23,8%. Ең төменгі өсімі Түркістан облысында – 12,2%.

Келесі мақала
Қазақстанның 1 072 елді мекенінде су тасқыны қаупі бар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024