Жаңалықтар

Қазақстанның 1 072 елді мекенінде су тасқыны қаупі бар

Қазақстанның 1 072 елді мекенінде су тасқыны қаупі бар

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын баяндады, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Үкіметте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша өткізілетін іс-шаралар қаралып жатыр. Министрдің айтуынша, өңірлердегі су тасқыны мен зардаптарының алдын алу 4 бағдарламалық құжат шеңберінде жүзеге асырылады. Олар – Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспары, 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы, Өңірлерді дамыту және жазғы-күзгі кезеңге арналған инженерлік жұмыстар жоспарлары.

Әкімдіктермен бірлесіп, су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізімі жаңартылды және нақтыланды, нәтижесінде олардың саны 24-ке өсіп 1 072-ні құрады. Бұл осы елді мекендерде алдын алу іс-шараларын толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді.

  https://turkystan.kz/article/229765-kazakstannyn-1-072-eldi-mekeninde-su-taskyny-kaupi-bar/