Самат Мұсабаев: әр рейс үшін 1,5 млн төлеп отыру кімге ұнайды?
Самат Мұсабаев: әр рейс үшін 1,5 млн төлеп отыру кімге ұнайды?
Депутаттың айтуынша, ұшақ, пойыз немесе автобус бір сағат кешіксе 3%, екі сағатқа 6%, осылайша қосыла береді. Тіпті, бұлай жалғаса берсе жолаушы билет құнын толық қайтарып алуына да мүмкіндік бар.
Заңға тиісті түзетуді енгізіп, ұшақпен кешігіп ұшып, өзі тәжірибеден өткен депутат Самат Мұсабаев компанияның ресми сайтына кіріп, шағым қалдыру үш қадамдық жұмыс екенін айтады. Үш сағаттан астам уақыт үшін билет құнының 10% сомасын қайтарып алған депутат бәрін ретімен түсіндірген. 1) Компанияның ресми сайтына кіресіз. Тікелей сілтеме: help.airastana.com. Осы жерге толық аты-жөніңізді, билет нөмірін, рейс нөмірі, ұшу уақыты қаншаға кешіккені және электрон поштаңызды жазасыз. Яғни, шағым қалдырасыз. 2) support@help.airastana.com – тұтынушылардың қолдау бөлімінен жауап келеді, «Сіздің шағымыңыз тіркелді» деген жауап болады және қосымша анкета жолданады. Осы анкетадағы сұрақтарға жауап бересіз. Аты-жөніңіз бен ақшаны қайтару үшін есепшот нөміріңізді жазасыз. 3) «Өтінішіңіз бойынша талап еткен өтемақы сомасы сіздің шотыңызға жіберілді» деген хабарлама келеді. Осылайша, Сіз Мәжіліс қабылдаған заңның игілігін көресіз! Дегенмен, Самат Мұсабаевтың пікірінше, бір рейспен 180 жолаушы келетін болса, солардың арасынан компанияға шағым түсіріп, өтемақы талап ететіндер аз.
https://turkystan.kz/article/229751-samat-musabaev-er-reys-ushin-1-5-mln-tolep-otyru-kimge-unaydy/