Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ
ашық дереккөз
ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛІП, МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ
🔰Апта басында аудан әкімі Ә. Балқыбековтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес отырысы болып өтті.
♦Кеңес отырысы басталмас бұрын аудан басшысы алдымен жиынға жиналған активін жаңадан сайланған Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтерінің әкімдері А.Қалыбаева, Р.Тұрарқұл және Ә.Сейтқазиевті жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
♦Күн тәртібінде 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, аудан бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы, берешек көлік салығы және әртүрлі басқа да өзекті мәселелер қаралды.
♦Аудан әкімі Ә.Балқыбеков көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмысты ширату үшін тиісті басшыларға тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
🔷Жиынға «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен бірқатар тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
 

Мойынқұм ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар