Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Ақшолақ ауылының тұрғындарымен бірнеше жиын ұйымдастырылған екен. Қазіргі таңда Ақшолақ ауылындағы 130 ауланың 90 ауласына газ құбыры кіргізіліпті. Қалған 40 аула тұрғындары қаражат жинап, газ құбырын аулаларына қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Аиалған ауылға дейінгі орта қысымды газ құбыры жеткізілген жағдайда ауыл тұрғындары көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Нақтылай айтқанда, 1 аулаға шаққанда 330 000 теңгенің айналасында қаражат жиналуда», - деп атап өтті Бақыт Алпысбайұлы. Айта кетейік, Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 41-індегі тұрғындар толық табиғи газбен қамтылған. Бұл жалпы көрсеткіштің 95,3 пайызын құрайды. Барлық ауылдардағы 17 312 ауланың 16 216-сы бүгінде көгілдір отынды тұрақты пайдаланады. Қалған 1 096 отбасы қысқы жылыту маусымы уақытында көмір отынын тұтыну үстінде.