Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

📚55 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДЕ БАСТАЙДЫ

📚55 МЫҢ  ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДЕ БАСТАЙДЫ
ашық дереккөз
📚55 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ЖАҢА МЕКТЕПТЕРДЕ БАСТАЙДЫ
📢2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1-қыркүйекте ашылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
💬«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.
☑️Сонымен қатар, келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.
 

QR Oqu-ağartu ministrlıgı

Ұқсас жаңалықтар