Мембағдарламалар арқылы байзақтық 63 азамат баспаналы болды
Мембағдарламалар арқылы байзақтық 63 азамат баспаналы болды
Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтып берді. Оның сөзінше, 2019 жылдың шілде айынан бастап заем сомасының 10 пайыздан басталатын ең төменгі бастапқы жарнасын төлеу арқылы 2,1 пайыз жылдық заем мөлшерлемесімен 20 жылға дейін бөліп төлеу жолдары қарастырылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған. Осы бағытта жыл басынан бері 212 азаматқа «Отбасы банкі» АҚ-на жолдама берілген. Оның 97-сі көп балалы отбасы болса, 73-і толық емес отбасы, 42-сі мүгедек баласы бар отбасы. «Былтыр іске қосылған «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасына ниетті азаматтарға аудандық тұрғын үй кезегіне тұру арқылы «Отбасы банкі» АҚ-на тікелей қатысу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша аудандық тұрғын үй кезегінде тұрған әр азаматқа жеке түсіндіріліп, нәтижесінде ниетті азаматтар анықталмады. Бүгінгі күнге мемлекеттік бағдарламалар арқылы 63 азамат баспанаға қол жеткізді. «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасы бойынша 42 азамат, «Бақытты отбасы» бағдарламасы 21 азамат тұрғын үй мұқтаждығынан арылды», - деді аудан басшысы.