
Орталықтың оғландары бақ сынасты
Елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы үшін жүйелі шаралар қабылдауда:
Елімізде мүгедектігі бар адамдардың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлотехникалық құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.
Осы күнге орай Қордай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Қордайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен іс-шараға мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Олар алты топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
Ең бастысы – жарысқа қатысушылардың денесі ширап, көңілдері көтеріліп, көрермендерден ақжарма тілектер естіді. Бұл күні күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сынды қасиеттер басты рөлде болды. Мүмкіндігі шектеулі болса да, бойына аталған қасиеттерді сіңіре білгендер аз болмады. Балақайлар жақсы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Ашылу салтанатында «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Жамангозов, аудандық мәслихат депутаттары Ә.Омаров, Қ.Қыпшақбаева және аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы А.Егізбаев жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
- мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау;
- әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.




Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024