Жаңалықтар

Қордай ауданының жағдайын жақсартуды міндеттеп, нақты тапсырмалар жүктеді

Қордай ауданының жағдайын жақсартуды міндеттеп, нақты тапсырмалар жүктеді

Аудан әкімдігінде арнайы жиын өткізген Мәдібек Қайшыбекұлы Қордай ауданы бойынша табиғи апаттан зардап шеккен егіс алқаптарын анықтау үшін құрылған комиссия мүшелерімен кездесу өткізді.

Комиссия мүшелерімен кездесу барысында шаруалар шығынын өтеу туралы сұрақ басты назарда болды.  width= Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жамбыл облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларына 3,6 миллиард теңге бөлінген болатын. Аймақта табиғи сипаттағы Төтенше жағдай жаряланған тұста аудан әкімдігімен бірлесіп шығынға батқан шаруалар тізімін жинақтау. Шығын көлемін анықтау бойныша комиссия да құрылған. Премьер-Министр А.Смайлов қол қойған қаулы да шыққан. Облыс әкімді берген мәліметіне сәйкес жалпы аймағымыз бойынша 400 шаруа қожалық, жалпы аумағы 9 мың гектар алқап биыл қуаңшылықтан зардап шеккен. Үкімет тарапынан жасалған қолдау аграршыларға шығынын жауып, келер жылғы көктемгі дала жұмыстарына жақсы дайындықпен шығуына септігін тигізбек.  width= Комиссия мүшелерінің жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Қордай ауданы бойынша 5602,9 га зардап шеккені анықталды. Оның ішінде: жүгері - 2856,2 га, қарбыз-453,8 га, қант қызылшасы - 160 га, күнбағыс - 130 га, жаңа себілген жоңышқа - 1871,1 га, пияз - 130 га. Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан бекітілген технологиялық карта бойынша келтірілген шығын көлемі 1,610 млрд. тг. көлемінде.  width=Әр шаруашылық бойынша құжаттары дайындалып, облыстық басқармаға өткізілген. Облыс әкімінің орынбасары анықталған шығын бойынша жұмысты жандандыру және келесі жылға жоспарды нақтылау жайында жауапты мамандарға бірқатар тапсымалар жүктеді. Қордай ауданының әкімдігі