Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қоғамдық келісімді сақтау - ортақ міндет

Қоғамдық келісімді сақтау -  ортақ міндет
ашық дереккөз
Қоғамдық келісімді сақтау - ортақ міндет
Аналар, Ақсақалдар кеңесі өкілдерінің мектеп басшылығы және сол мектепке тиесілі ата-аналармен өзара бірге атқарылатын жұмыстары жоспарының  үйлестірілуі, отбасылық ажырасу келеңсіздіктерінде Медиация қызметіне жүгіну, «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» республикалық жобасын басшылықтан түсірмей, түрлі тәрбиелік мәні зор шараларына басымдық қойылу сияқты көкейтесті мәселелер кірді.  width= Ақсақалдар, Аналар кеңестері қызметтерінің ауқымы кеңейіп, міндеттерінің күшейтілуіне тағы бір себеп - қазіргі кезеңде белең алып отырған жастар арасындағы діни радикализм - жат ағымдардың жетегінде кету, лудомания - онлайн ойынға құмарту, нашақорлыққа бой ұру - дәріханалық синтетикалық есірткіге тәуелділік, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болу, тәрбиесіздіктің терең орын алуы - ерте жүктілік, т.б.  width=Жиында жергілікті және қалалық аналар, ақсақалдар кеңестері белсенді мүшелерінің ортасында - ұлт болашағына балташабар бұл қасіреттердің алдын алу, болдырмау, емдеу, жас ұрпақтың денсаулығы, өмірін  сақтау мәселелері қызу да терең талқыға түсті. Бұған қоса, ауданның этностар жиі шоғырланған аймақтарындағы этносаралық саяси ахуалды зерделеуге қатысты тұрғындар арасында кездесуі ықтимал тілдік-нәсілдік кемсітушілік, араздық тілі, елдің тыныштығына селкеу түсірер жалған ақпараттар тарату, оның алдын алу немесе мұндай жағымсыз жайттарды болдырмау мақсатында  құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру, медиасауаттылықты дамыту жұмыстары да жүргізілді.  width= Сонымен қатар, ел бірлігі мен бейбітшілігін сақтаушы, тұрақтылығы мен тыныштығын  өміршең ететін қоғамдық келісімнің негіздері - мемлекеттік рәміздерге деген әрбір қазақстандық азаматтың құрметін талап ету, Қазақ армиясында әскери борышын тиянақты өтеу, мемлекеттік Тіл мен Туды қадір тұту,  келеке етпеу, қазақстандық бірегейлікті одан әрі дамытуға өз үлесін қосу, сондай-ақ, керісінше, мемлекеттік атаулар мен рәміздерді кез келген жерде пайдалану, кез келген этносты дініне, діліне қарап кемсіту, этносаралық түсініспеушілік пен араздыққа жол беру тәрізді бірқатар  қиын жағдайларға тап болмау, мұндай жағымсыз істердің себепшісі, не айыпкері болса заң жүзінде қатаң жазаға тартылу  тақырыптары аясында да тағылымы терең, әрі құқықтықсауаттылық-түсіндіру жұмыстары танымдық-талдамалық сипатта жүргізілді.  width= Сондай-ақ, 2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында бекітілген Үлгілік ереженің 8-тармағы, Ақсақалдар кеңесінің міндеттерін басшылыққа ала отыра жұмыс жасауды қолға алу да көзделді. Шара соңында әр тараптан қосымша түрде  қойылған сауалдарға құзырлы орган өкілдерінен де лайықты жауаптар берілді. width=

Ұқсас жаңалықтар