
Салтанатты шарада аудан басшысы педагогтарға мемлекеттік қолдау шараларының қарқынды жүргізіліп жатқанын, ұстаздардың білім беру саласында табысты жетістіктерін атап өтіп, кәсіби мерекемен құттықтады.
"Қай заманда, қай қоғамда болмасын, баланы оқыту, оған тəрбие беру - ең ұлы мұрат, ұлағатты іс. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан, еліміздің келешегі сіздердің қолдарыңызда. Білімді ұрпақ дайындау - сіздердің абыройлы міндеттеріңіздің бірі болып қала беретіндігіне сенімдімін. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Еліміздің атын әлемге танытар шәкірттеріңіз көп болсын!" - деді Нұрбол Әбдімажитұлы.
Мерекелік жүздесуде бірқатар ардагер ұстаздар мінберге шығып, педагогтар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.
Марапат иелеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және тағы басқа түрлі сыйылықтар табыс етілді.
Саланатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. Талас ауданының әкімдігі
Ауыл өнерпаздарының байқауы
Ұқсас жаңалықтар
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024