Жаңалықтар

Байзақтағы денсаулық сақтау мекемелері қысқы кезеңге әзір

Байзақтағы денсаулық сақтау мекемелері қысқы кезеңге әзір

Байзақ ауданында алдағы қысқы жылыту маусымына қажетті отын қорын алуға жалпы 76,8 млн теңге қарастырылған. Оның 39,9 млн теңгесі көгілдір отын сатып алуға жұмсалатын болса, 1 734 тонна қатты отын алу үшін 36,9 млн теңге жоспарланған. 1 тонна көмірдің бағасы 21 290 теңгеден есептелген. Бүгінгі күні түсірілген көмір көлемі 549 тонна немесе 32 пайызды құрап отыр.

Ауданның аумағында 45 денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді. Оның 1-еуі – Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы ересектерге арналған санаторийі. Барлық медициналық бағыттағы нысанның ішіндегі 15 емдеу мекемесі қазандықтары көмір пайдаланады. Қалған 30 мекеме газбен жылытылады. «Денсаулық сақтау орталықтарының 3-еуі орталықтандырылған қазандықтармен қамтылған. Қалған 42 мекемеге автономды жылыту жүйесі қойылған. 2 мекемеге «Жамбыл жылу» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны қызмет көрсетеді. Бұларға қысқы жылыту маусымына қажетті отын қорын алуға 12,6 млн теңге қарастырылды. Оның 8,6 млн теңгесіне көгілдір отын сатып алынады, 4 млн теңгеге 220 тонна қатты отын жеткізілді. Мұнда 1 тонна көмірдің бағасы 18 498 теңгеден айналды. Қазіргі таңда 220 тонна көмір толығымен түсірілді», - деп түсіндірді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов. Айта кетейік, 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына Байзақ ауданы тұрғындарына 4 544 тонна көмір тасымалдау жоспарлануда. 2019 жылғы қажеттілік 8 300 тоннаны құраған екен, ал былтыр 6 905 тонна болған. Көмір Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесінде орналасқан мекен жайлардан, «Садыков М.», «Алимбеков Б.» жеке кәсіпкерліктерінің және «Казугольснаб» ЖШС-ның қоймаларынан тасымалдануда. Қазіргі таңда аудан аумағына 3 821 тонна көмір түсірілген немесе жалпы қажеттіліктің 84 пайызын құрап отыр.