Жаңалықтар

Ауыл өнерпаздарының байқауы

Ауыл өнерпаздарының байқауы

Бүгін Үшарал ауылында "Талас ауданының 95 жылдығы және Қаратау қаласының 65 жылдығына" орай ауылдық округтер арасында "АУЫЛЫМ - АЛТЫН БЕСІГІМ" атты өнер байқауының кезекті кезеңі Үшарал ауылдық мәдениет үйінде өтті. width=

Байқау барысында ауыл тұрғындары мен қонақтарының назарына қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, ауыл жастары қазақтың ұлттық ойындары асық ату, арқан тартуға қатысып, палуандар боз кілем үстінде мықтыны анықтады. Іс-шараның соңы ауыл өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.  width=  width=   width=  width= Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қаратау қаласындағы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өтетін гала концертте марапатталады деп жоспарлануда.  width= Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты