Қызыләуіттегі қызықты думан
Қызыләуіттегі қызықты думан
Қызыләуіт ауылында Талас ауданының 95 жылдығы, Қаратау қаласының 60 жылдығы мерейтойы аясында «Ауылым — алтын бесігім!» атты фестиваль өтті.
Мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынылды. Ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен Таластық қаламгерлерге арналған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Комиссия мүшелері: Ақын, Талас ауданының құрметті азаматы С.Рысбаев, Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Мұхтаров, Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ш.Жұмабекова, Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің директоры К.Пірман қатысты.