Білім

Білім саласы байыпты бақылауда

Білім саласы байыпты бақылауда

Өйткені болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты болғандықтан облыстық білім басқармасы тарапынан әрқашанда қолдау көрсетіліп, атқарылған жұмыстар сараланып тұрады. Бүгін Жамбыл облыстық білім басқармасының бастығы Мейірхан Азатұлы Өмірбек Талас ауданында болып, Білім бөлімінің жұмыстарына баса назар аударды.  width= Білім басқармасының басшысы проблемалық мәселелерді де назарынан тыс қалдырған жоқ.  width= Осы аралау барысында 1 мемлекеттік, 2 жеке меншік колледж жұмыстарымен, бірнеше мектеп , балабақша, қосымша білім беру, мектеп интернат мекемелерінің жұмыстарымен танысып , білім ошақтарының басшыларымен кездесті.  width=  width= Білім саласындағы әрбір мәселені жіті бақылаған басқарма басшысы нақты тапсырмалар берді. Мақсат Қазанғапов