Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қордай ауданының әкімі Б.Болатбековтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті

Қордай ауданының әкімі Б.Болатбековтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті
ашық дереккөз
Қордай ауданының әкімі Б.Болатбековтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті
Осыған байланысты күні кеше Президенттің төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінде және облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысында қауіпті індет жайы талқыланды. Осы ретте де ауданда қауіпті аурулардың алдын алу шаралары бойынша жиын өтті.
 width=
Қордай ауданында сібір жарасы немесе оған күдікті жағдайлар адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында тіркелген жоқ. Қордай ауданы аумағында 15 Сібір жарасының тұрақты стационарлы-қолайсыз пунктері бар.
 width=
Ендігі ретте, аталған індеттердің ауданда таралмауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс. Осы туралы айтқан аудан әкімі сөз кезегін ветеринариялық станциясының директоры Ғ.Сабралыға және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Асаровқа берді.
 width=
Олар аудандағы эпидемиологиялық ахуалды баяндап, проблемалық мәселелерді атап өтті. Олардың сөзінше, эпидемиялық жағдайдың нашарлануына малдардың ветеринарлық тексерусіз және де мәжбүрлі түрде сою жағдайлары тікелей әсер береді.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығы малдарының қозғалысы және тасымалдануы кезінде қадағалауды күшейту керек. 2023 жылы облысымызда 30 адамнан қауіпті індет жұқтырып алуы мүмкін деген күдік туды. Олардың барлығы мал союға қатысқан. Сол үшін қасапханалардағы санитарлық нормаларды қатаң сақталуын, вакцинациялаудың жүргізілуін қадағалау қажет. Аудандағы елді мекендерде кенелерді жинап, зертханалық тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
"Өздеріңізге белгілі Қордай ауданы эндемиялық аумаққа жатпайтын аудандардың бірі болса да, босаңсынуға жол берілмейді. Ветеринариялық бақылауды және халық арасында қауіпті індеттің зардаптары, жұқпалы аурудан сақтану жолдары жайында ақпараттандыруды күшейту қажет", - жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген Б.Болатбеков.
Қордай ауданының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар