Қаратау қаласында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2 отбасы баспаналы болды
Қаратау қаласында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2 отбасы баспаналы болды
Бұл жолы Талас ауданының орталығы, Қаратау қаласында 2 отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иелерін арнайы құттықтап, барша ат салысқан азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және мекемелерге ризашылығын жеткізді.
Баспаналы болған отбасылардың Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетовке айтал алғысы үлкен. Тәжірибелі әкім жергілікті жұртшылықты сауапты іске жұмылдыра білген. "Дархан Тобашұлы былтыр да Қаратау қаласында үш отбасын осы жоба аясында баспанылы болуына ұйытқы болған. Биыл міне, екі шаңырақ шаттық тойын тойлауда. Алғыс арқалаған алысқа барады дейді ғой. Абыройлы болсын әрқашан" деп жаңа қоныс иелері ағынан жарылды.


Жалпы "Асарлатып үй салу" жобасы аясында аудан бойынша былтыр 9 үй салынса, биыл да 9 баспана тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 5 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.