Жамбыл облысының әкімі Қордайдағы ауыл тұрғындарымен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Қордайдағы ауыл тұрғындарымен кездесті
Алдымен, Қарасуда өткен басқосуда аймақ басшысы облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Бұдан бөлек, Қордай ауылында табысты жүзеге асып жатқан құс шаруашылығының тәжірибесін басқа да ауылдарға тарату керектігін жеткізді.
Ербол Қарашөкеев мұндай шаралар жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрақты табыспен қамтуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Кездесуде ауылдық округ әкімі Рая Жасыбаева есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы бөлісті.
Дәл осындай форматтағы кездесу Сортобе ауылдық округінде де өтті. Басқосуларда ауылдықтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жауаптар алды.
Облыс әкімі көтерілген барлық мәселелер міндетті түрде назарға алынатынын, оларды тиісті заңнама аясында шешу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Аймақ басшысы бірлік пен тұрақтылық болған жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жететінін баса айтты.
Кездесулерден кейін Ербол Қарашөкеев бірқатар азаматтарды жеке қабылдады.
Бұдан соң облыс әкімі Сортобе ауылындағы 75 адамға арналған полиция бөлімшесінің құрылысын көрді. Жұмыстардың сапалы әрі кестеге сәйкес мерзімде орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Нысан құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.