Мәдениет

Ауылдағы ауқымды көрме

Ауылдағы ауқымды көрме

12 қазан Бостандық ауылында маңызды да, мәнді күн болды. Ауыл халқының сан қырлы өнері мен мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа Отансүйгіштік тәрбие беруге бағытталған аудандық байқау болып өтті. Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі Талас аудандық орталық кітапханасына сілтеме жасап хабарлайды. Мәдени шараға Бостандық ауылдық әкімшілігі, Мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері, ауыл ардагерлер кеңесі ұйымы, ауыл тұрғындары, «Алғабас» орта мектебінің ұжымы, «Ақбөпе» бөбекжай бақшасының ұжымы, Бостандық ауылдық амбулатория ұжымдары, ауылдық малдәрігерлік пункт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауылым алтын бесігім» атты өнер байқауға жұдырықтай жұмылып атсалысты.  width= Байқауға Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров, «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығының директоры Кендия Пірман, Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Шынар Жумабекова, Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы Сабырғали Рысбаев төрешілік етті.  width= Шараның мақсаты, осы бағытта әрбір ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салтын боямасыз көрсету. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасады.  width= Қазақтың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық құндылықтарын жасаған-осы қарапайым халық. Қазақтың құрсақ шашу, шілдехана, баланы қырқынан шығару, бесікке салу, тұсауын кесу, сүндет той, қонақ күту, атқа міну, ұлттық тағам түрлерін, киім-кешегін, ұлттық спорт, тілашар сияқты ырым-тыйымдарды, тойға, қуанышқа айналдыра білетін осынау қарапайым халық.  width= Сондай-ақ, салт пен сана егіз ұғым секілді, ауданнан және ауылдан шыққан ақын, жазушы, өнер азаматтарының еңбектерін насихаттау мақсатында Бостандық ауылдық кітапханасында өңір тарихынан сыр шертетін «Мәңгілік ел-Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  width=