Таза ауыз су желісі тартылды
Таза ауыз су желісі тартылды
«Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – басты міндеттердің бірі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Байзақтағы 43 елді мекеннің 56 пайызы таза ауыз сумен қамтылса, жыл басынан бері 7 ауылда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Міне, бүгін Байзақ ауылының тұрғындары үшін таза ауыз су жүйесі іске қосылып отыр», - деді Бақыт Алпысбайұлы. Ботамойнақ ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеулімжай Шартықбаев жергілікті тұрғындар атынан аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізген «Тараз Строй-2004» ЖШС жұмысшыларына алғысын білдірді. Жалпы, Байзақ ауылы бойынша су құбыры желісінің ұзындығы 31 шақырымды құраса, оған қосылған 1 021 ауладағы бес мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтылды. Жергілікті 4 тұрғын «Байзақ Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тұрақты жұмысқа қабылданған.