Құтқарушыларға құрмет көрсетілді
Құтқарушыларға құрмет көрсетілді
Талас ауданы әкімдігінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Жиынға аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтады. Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.


Салтанатты жиында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, аудан әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен, мәслихат төрағасының Құрмет грамотасымен сонымен қатар, Қаратау қаласының 60 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен марапатталды.