Республика күніне Жамбыл ауданында 7 спорт нысаны ашылады
Соның бірі, аудан орталығы Аса ауылында үшінші кіші футбол алаңы ел игілігіне берілді. Осы күнге дейін тұрғындар спортпен айналысу үшін теміржол торабынан өтіп, спорт кешендерінде жаттығатын болған.
Құрылысы жұмыстарына 9 млн астам қаражат қаралып, мердігер мекеме «Energy kaz group» жұмыстарды сапалы аяқтаған. Алаңша теміржол өткеліндегі, яғни Ғ.Мұратбаев көшесі тұрғындарына қызмет көрсетпек. Тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова мен "АМАНАТ" партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков жұртшылықты жаңа нысанның салтанатты ашылуымен құттықтап, спорт саласында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
Сондай-ақ Талап Нышанбекұлы да сөз алып, Мемкет басшысы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жоспарлы жобалар өңірімізде сәтті жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова Қырғыз елімен шекаралас жатқан Қаратау елді-мекеніндегі кіші футбол алаңының ашылуына барды. Құрылысы жұмыстарына 10 млн астам қаражат қаралып, мердігер мекеме «TOO Ronder» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талапқа сай спорт нысанын мерзімінде ел игілігіне берген. Шарада Махпал Сатыбалдықы жастарды спортқа баулу мемлекетіміздің басым бағыттары екенін айтса, ауыл ақсақалы Нұрғали Папанов осы күнге дейін ауыл балалары спортпен айналысу үшін жергілікті білім ордасының спорт залын пайдаланып келгенін алға тартып, аудан басшыларына ризашылығын жеткізді. Жалпы аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади Жанұзақовтың айтуынша, өңір тұрғындарына 1 стадион, 3 спорт кешені, 42 спорт зал, 20 үлкен футбол алаңы, 54 кіші футбол алаңы, 16 баскетбол алаңшасы, 20 волейбол алаңшасы, 12 стритворкаут, 4 әмбебап алаңшасы, ипподром, теннис корты қызмет көрсетеді.
Алдағы күндері Тоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы, Гродекова ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені, балалар ойын алаңшасы, Қызылдихан ауылында кіші футбол алаңы, Айшабибі ауылында әмбебап спорт кешенінің кермесі қиылады. Жамбыл ауданының әкімдігі