Жаңалықтар
«Сервистік әкімдік» тұрғын үйге қатысты сауалға да жауап береді
- NAQ.KZ
- 19 қыркүйек, 2021
- 83

«Сервистік әкімдік» тұрғын үйге қатысты сауалға да жауап береді
Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында тұрғындарға мемлекеттiк қызмет алуға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Сервистік әкімдік» орталығы өз жұмыстарын жүйелі түрде атқаруда. «Сервитік әкімдікте» 7 бөлім мамандары қызмет етеді. Мамандар бекітілген жоспарға сәйкес бойынша кызмет алушыларға ауысыммен қызмет көрсетеді. Енді мемлекеттік қызмет түрін алу үшін әр мекемені жағаламайды. Орталықтағы орналасқан «Сервистік әкімдікте» барлығы бір жерден кызмет ала алады. Сонымен катар, «Сервистік әкімдік» ғимаратында өзіне-өзі кызмет көрсету бұрышы да карастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алушылармен тең дәрежеде өзіне қажетті ақпаратты алуына жағдай жасалған.
«Сервистік әкімдікте» электронды кезек күту үшін жайлы орындары бар операциялық зал, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолайлы орындар мен кұрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, «Сервистік әкімдікте» төменде көрсетілген белімдер кызмет керсетеді:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
- Жер қатынастары бөлімі
- Ауыл шаруашылығы бөлімі
- Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
- Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
- Жұмыспен қамту орталығы
Келесі мақала
Үйін жөндеп инфрақұрылымын реттеп берді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024