Жамбыл облысында ауылдықтардың игілігі үшін жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
Жамбыл облысында ауылдықтардың игілігі үшін жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа нысанның ашылуына қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады.

Айта кетейік, облыста жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы елді мекендерде 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Ағымдағы жылы 16 нысанның ашылуы жоспарланған. Ал, Жамбыл ауданы бойынша 174 спорттық нысан болса, соның жалғасы ретінде ашылған жаңа нысан ойын, жаттығу, бокс, күрес залдарымен қамтылған.
Оның құрылысына республикалық бюджеттен 337 млн. 809 мың теңге қаржы қарастырылып, бас мердігер «Бақыт таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Спорттық сауықтыру кешенінде 150 ден аса ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.
Акимат Жамбылской области