Мәдениет

Ұлттық мереке ұлықталды

Ұлттық мереке ұлықталды

Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қазақстан тәуелсіздігінің негізі болған 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығына тоқталды.

 width= Салтанатты жиын аясында «Талас ауданының құрметті азаматы» атағы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты әр түрлі салада жемісті еңбек еткен азаматтарға табысталды.  width=  width= Сондай-ақ, «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, мәслихат төрағасының Құрмет грамоталары салтанатты түрде тапсырылды.  width=  width= Ұлттық мереке «Республика күніне» арналған салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне жалғасты. Шара соңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.  width=  width= Талас ауданының әкімдігі