Жиында Байзақтағы жылу тарифы сөз болды
Жиында Байзақтағы жылу тарифы сөз болды
Жария тыңдауға шақырылған мүдделі тұлғалар және субъектінің тұтынушылары қатысты. Аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байзақ су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының экономист-есепшісі Жанбота Шуленбаев облыстық табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Бек Момбаевтың алдында тиімді тариф жайында баяндамасын жасады. «Жылу энергиясын босатудың жылдық көлемі жылына 1509,228 Гкал құраса, ал, заңды тұлғалар үшін коммуналдық қажеттіліктерге жылу энергиясын өндіру 1676,919 Гкал құрайды. Заңды тұлғалар үшін жылуға берілетін жылудың жылдық көлемі жылу беру кезеңінде заңды тұлғалар үшін жылуға 1 шаршы метріне жылу энергиясын тұтынудың бекітілген нормасына сәйкес есептелген, ол 0,14 Гкал/м2 құрайды. Жылытылатын алаң 10780,2 м2 құрады. Ыстық су беру қарастырылмаған. Осылайша, орташа өткізу тарифі 1 Гкал үшін ҚҚС-сыз 24 258,532 теңгені құрайды, бұл заңды тұлғалар үшін 1 Гкал үшін 100% тариф ҚҚС-сыз 24 258,532 теңгені құрайды», - деп сөзін аяқтады Жанбота Жылқыбайұлы. Жиын соңында жария тыңдауға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.